29.07.2016, 14:10 5744

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ел фермерлерін тегін оқытпақшы

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанныӊ барлық облыстарындағы фермерлерді тегін оқыту семинарларын ұйымдастырады. Бюджеттік бұл бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен 1 млрд. теӊге бөлді.

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанныӊ барлық облыстарындағы фермерлерді тегін оқыту семинарларын ұйымдастырады. Бюджеттік бұл бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен 1 млрд. теӊге бөлді.
Орындаушы болып «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленгені айтып өтілді. Арнайы сол үшін ағымдағы жылдыӊ маусымында палата агроқұзіреттер орталығын құрды. Орталық директоры Төлеутай Рахымбековтыӊ айтуынша фермерлердіӊ негізгі мәселесі ақпараттыӊ жетіспеушілігі болып табылады.
«Біз барлық Қазақстан бойынша 600 семинар өткізуді жоспарлаудамыз және он мыӊнан астам фермерлерді қамтамасыз етеміз. Семинар ауыл шаруашылық министрлігімен анықталған 25 негізгі бағыт бойынша өткізілетін болады. 13-і мал шаруашылығы бойынша және 12-і өсімдік шаруашылығы бойынша. Негізгі проблеманыӊ бірі - ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығыныӊ мамандары болып келмейді. Сондай-ақ, мамандардыӊ өзі білімді әрдайым жетілдіріп отыру керектігін айтады, біздіӊ фермерлер барлық инновациялық өӊдеуді білулері тиіс», - деді Т.Рахымбеков.
Сонымен қатар, бағдарламаға 25 шетелдіӊ мамандары атсалысуда. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардыӊ әдісімен таныстыратын болады.
«Қараша айына дейін Қазақстанныӊ барлық облыстарын қамтуды жоспарлаудамыз. Біздіӊ мақсатымыз тек 10 мыӊ фермерді оқытып қана қоймай, оларға Исеминар барысында қазіргі заманға сай шешімдер қабылдауға үйрету. Осындай ауқымды бағдарламаға мемлекет миллиард теӊгеден астам қаражат бөлді», - деді Т. Рахымбеков.
Тұрақты негізде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді сүйемелдеу үшін және оларға дәріс беру үшін ҚР ҰКП www.fermers.kz интернет порталын әзірлеуде. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны