27.05.2008, 13:42 1193

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанда астықтың биржалық саудасының жүйесін құру және оған Алматы аймақтық қаржы орталығын тартуды ұсынады

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанда астықтың биржалық саудасының жүйесін құру және оған Алматы аймақтық қаржы орталығын тартуды ұсынады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанда астықтың биржалық саудасының жүйесін құру және оған Алматы аймақтық қаржы орталығын тартуды ұсынады. Еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір астық экспортымен арнаулы лицензия алған 280 экспорттаушы айналысады, ал орта және ұсақ делдалдардың үлесіне экспорт нарығының 20% жуығы, немесе жылына 1,5 млн тоннасы тиеді. Сол себепті ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің сыртқы нарыққа делдалдарсыз шығуы үшін барлық жағдайларды жасау керек, ал оған барлық астық экспорттаушы елдердегідей тек астықтың биржалық саудасын жолға қою арқылы ғана қол жеткіземіз ", - деді А. Күрішбаев.

Астық биржасының болуы форвардтық келісім-шарттарын жетілдіруге септігін тигізеді, ол астық өндірісін алдын-ала қаржыландыру үшін, сондай-ақ, фьючерстік сауда-саттықтарды жүзеге асыру үшін аса қажет", - деді ол. Министр осының есебінен мемлекет өңірлік астық нарықтарындағы ахуалды талдай алады және республика ішінде тұрақты бағаға астықтың кепілді сатылуын қамтамасыз етеді деген сенімде.

"Бұл жерде экспортқа шығарылатын астықты міндетті түрде биржада саудалауды енгізу жайлы сөз болып отыр, біз оған біртіндеп эволюциялық жолмен жетуді ұсынамыз", - деді министр.

Оның пікірінше, Қазақстанда астықтың биржалық саудасын дамытудың бірінші кезеңінде "бұл жұмысты "Қазагромаркетинг" АҚ-ның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы бастауға болады, республиканың барлық өңірлерінде оның ақпараттық-консультативтік орталықтары құрылып жұмыс істеуде".

"Бұл орталықтар бүгінде тауар өндірушілерге қажетті нарықтық ақпарттарды беріп, консультациялық қызметтер көрсетеді, бұл функцияларға қоса олар өздеріне тиесілі брокерлік қызмет құру және бар биржалармен байланыс орнату арқылы астықты экспортқа сату қызметін де көрсете алар еді", - деді А. Күрішбаев.

"Біз Алматы аймақтық қаржы орталығының тиісті инфрақұрылымы бар мемлекеттік әмбебап тауар-шикізат биржасын құруға бағытталған іс-қызметін толық қолдаймыз. Бұл биржаның электронды сауда алаңдарын жоғарыда аталған "Қазагромаркетинг" АҚ филиалдарының негізінде ашу орынды болар еді", - деді А.Күрішбаев.

Үкімет ауылшаруашылығы министрінің аталған ұсыныстарын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны