11.12.2007, 17:53 3154

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескендігі үшін жауапкершілік жүктелетіндігін ескертеді

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескендігі үшін жауапкершілік жүктелетіндігін ескертеді

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескендігі үшін жауапкершілік жүктелетіндігін ескертеді. Елімізде биыл жаңа жылдық шыршалар санитарлық себептермен кесілген ағаштардан ғана дайындалуға тиіс. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің орман және төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Осындай норма комитеттің "жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейту туралы" бұйрығында жазылған. Бұл бұйрықта атап көрсетілгеніндей, биыл мемлекеттік орман қоры аумағында жаңа жылдық шыршалар тек облыстық әкімшіліктердің өтініші бойынша бұқаралық мәдени шараларды өткізу үшін санитарлық себептермен кесілген ағаштардан ғана дайындалуға тиіс, жаңа жыл мерекесіне орай ағаштар әдейі кесілмейді. Жаңа жылдық шыршаларды дайындауға санитарлық мақсатта жоспарлы түрде ағаш кесу нәтижесінде алынған қарағайлар мен шыршалар пайдаланылады",- деді басқарма.

Облыс әкімдері сұрайтын жаңа жылдық табиғи шыршалардың саны жыл өткен сайын азая түсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны