19.05.2010, 17:59 3753

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Қырғызстан жағынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне егін суаратын су жібермей тастағаны туралы ақпаратты растады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Қырғызстан жағынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне егін суаратын су жібермей тастағаны туралы ақпаратты растады

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Талғат Маханов Қырғызстан жағынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне егін суаратын су жібермей тастағаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бізге бұл кеше мәлім болды: Қырғызстан жағы суды біржақты жібермей тастаған. Кеше біздің жамбылдық мамандар біздің комитетке осы жөнінде хабарлады", - деді Т. Маханов.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселемен үкіметтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі айналысып жатыр. Сондай-ақ, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары барғанымен, "Бішкекте ешкімді де таба алмаған".

"Суды жібермей тастау себептерін олар атамаған, біз сол себепті бүгінгі күнге дейін оның себебін біле алмай отырмыз", - деді ол.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісінің айтуынша, кеше өңірдегі мамандар басқару орталығына Қырғызстан аумағында орналасқан Киров су қоймасындағы су деңгейі төмендеп кеткенін хабарлаған. Бүгіннен бастап бұл су қоймасынан небәрі 10 текше метрге жуық су келіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны