27.05.2008, 12:58 1221

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі маусымда Қазақстанда астық өндіру көлемін ұлғайту бағдарламасын үкіметке ұсынады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі маусымда Қазақстанда астық өндіру көлемін ұлғайту бағдарламасын үкіметке ұсынады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі маусымда Қазақстанда астық өндіру көлемін ұлғайту бағдарламасын үкіметке ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір еліміздің ауылшаруашылығы министрлігі сіздің тапсырмаңыз бойынша Қазақстанда астық өндіру көлемін ұлғайтуға және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар кешенін дайындауда, ол маусым айында үкіметтің қарауына беріледі", -деді А. Күрішбаев республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

"Сонымен бірге, тез арада шешуді талап ететін проблемалар да бар, бұл - ішкі нарықтың тұрақтылығын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, астық экспортын реттеуге бағытталған жүйелі шараларды қабылдау", - деді ол.

Министрдің айтуынша, "астық нарығындағы ахуалды нақты бақылап отыру үшін астықтың жұмсалуы мен бар-жоқтығын, есеп-қисаптың шынайылығын қамтамасыз ету" қажет. "Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға астықтың бар-жоқтығы мен қозғалысы бойынша ай сайынғы міндетті мемлекеттік статистикалық есеп беруді енгізу арқылы статистикалық есеп беруді жетілдіруді қарастыратын тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр", -деді ол.

Еліміздің ауылшаруашылық министрі бұған қоса респонденттер тарапынан жалған статистикалық есеп бергені үшін, сондай-ақ, ауылдық статистка мамандары тарапынан есепті бұрмалағаны үшін жүктелетін әкімшілік жауапкершілікті қатайтуды ұсынды.

"Бұған қоса мемлекеттік астық инспекторларының астық қабылдау кәсіпорындарын ай сайын тексеру бойынша құзыретінің аясы мен жауапкершілігін бірдей арттыру, сондай-ақ, астық рыногына қатысушылардың нақты бар астық көлемі жөніндегі мәліметінің есепьегі мәліметке сәйкестігі үшін жауапкершілікті арттыру қажет", - деді А. Күрішбаев. "Осы функцияны арттыру үшін аудандарда астық инспекторларының санын арттыру қажет болмақ", - деді ол.

Үкімет ауылшаруашылығы министрінің аталған ұсыныстарын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны