21.05.2009, 18:00 2954

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Солтүстік және Орталық Қазақстанда тұқым себу жұмыстарының аяқталуы тиіс мерзімін анықтады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Солтүстік және Орталық Қазақстанда тұқым себу жұмыстарының аяқталуы тиіс мерзімін анықтады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Солтүстік және Орталық Қазақстанда тұқым себу жұмыстарының аяқталуы тиіс мерзімін анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл қанша астық жиналатынын айтуға әлі ерте. Бірақ, көктемнің шаруаға қолайлы болып келуі және қазіргі, жердегі ылғал мөлшерінің маусым айының соңына дейін жететіндігі көңілге үлкен демеу. Оның үстіне ауа райын (гидрометерологтар) болжаушылардың айтуы бойынша, маусының соңғы күндері мен шілде айының іші жауынды болады деп отыр. Осындай болжамдарға қарап биыл шаруалар үшін табысты жыл болады деп ойлаймын",- деп мәлімдеді Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев.

"Экспортқа шығару үшін бидайдың сапасы жоғары болуы керек. Сонда ғана біздің экспорттық мүмкіндігіміз көп болады. Ол үшін шаруашылықтар агротехнологияны талапқа сай орындауы керек",- деп атап өтті. Одан бөлек ғалымдардың кеңесі бойынша Қарағанды облысының негізгі алқаптарын алып жатқан, шөл және шөлейт жерлерде астықты себу мерзімі маусымның 5-не дейін аяқталуы керектігіне тоқталды. "Ал, Ақмола,Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мамырдың 30-на дейін тұқым себу жұмыстары аяқталуы керек екен. Сонда ғана астық сапалы болады",-деді Ақылбек Күрішбаев.

Ол: "Биыл ылғал сақтау технологиясын қолданып отырған шаруашылықтар көбейді. Былтыр мұндай технология 8,6 миллион гектар егіс алқабына қолданылса, биыл бұл көрсеткіш 10,2 миллион гектардан асып отыр. Оның ішінде Қарағанды облысының ірі шаруашылықтары осы ылғал сақтау технологиясына көшуге ерекше көңіл бөліп жатыр. Бұл астықтың өнімділігін мен сапасының кепілі деген сөз",-деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны