06.05.2010, 18:24 4183

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Үнді Республикасынан келетін өсімдік тектес өнімдерді әкелуге шектеу қоятындығы туралы нота жіберді

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Үнді Республикасынан келетін өсімдік тектес өнімдерді әкелуге шектеу қоятындығы туралы нота жіберді

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Үнді Республикасынан келетін өсімдік тектес өнімдерді әкелуге шектеу қоятындығы туралы нота жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің абспасөз қызметіңне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Үнді Республикасынан шыққан күнжіттің тұқым топтамасынан Қазақстан Республикасында карантиндік маңызы бар объект - дала арам сояуы (Cuscuta Campestris Juncker) анықталды.

"Аталған жүк Үнді Республикасының өсімдіктерді қорғау Ұлттық ұйымымен берілген, ілеспе құжат фитосанитарлық сертификатпен "АрселорМиттал Темиртау" АҚ (Теміртау қаласы) мекен жайына келіп түскен. Жүк иесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес карантиндік шаралар қабылданды. Карантинге жатқызылған өнім механикалық жолмен тазаланып, табылған қоқыстары өртеу арқылы жойылды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Үнді Республикасының өсімдіктерді қорғау Ұлттық ұйымына, карантинге жатқызылған өнімнен қайыра карантиндік объект және бөтен тектес организмдер анықталған жағдайда, министірлік Қазақстанға Үнді Республикасынан келетін өсімдік тектес өнімдерді әкелуге шектеу қоятындығы туралы нота жіберді, деп хабарлайды ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны