25.01.2011, 14:41 4170

ҚР банк саласындағы сыртқы қарызы 2007 жылдың ортасынан бері үш есеге азайған

ҚР банк саласындағы сыртқы қарызы 2007 жылдың ортасынан бері үш есеге азайып, шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР банк саласындағы сыртқы қарызы 2007 жылдың ортасынан бері үш есеге азайып, шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2007 жылдың орта кезінде барша банк жүйесіндегі сыртқы қарыз 46 млрд. АҚШ долларын құраған еді. Ол ІЖӨ үлесінің 50 пайызға жуық көлемінде болды. 2011 жылдың 1 қаңтарындағы алдын ала мәліметтер бойынша банктердің сыртқы қарызы 17 млрд. АҚШ долларына жуық қаржыны құрады. Атап айтқанда, қарыздар 3 есеге, яғни 29 млрд. АҚШ долларына төмендеді", - деп мәлім еттті Д. Ақышев.

Бұл қарыздардың төмендеуі негізінен Қазақстан банктерінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдауға тікелей байланысты болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны