09.03.2011, 17:29 4204

ҚР банктеріндегі халық салымдары қаңтар айында 0,6 пайызға өскен

ҚР банктеріндегі халық салымдары қаңтар айында 0,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР банктеріндегі халық салымдары қаңтар айында 0,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы салымдарының жалпы көлемі қаңтарда 1,6 пайызға немесе 7513,8 миллиард теңгеге дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлім болды.

Қаңтарда заңды тұлғалардың депозиттері - 2 пайызға, жеке тұлғалардың салымдары - 0,6 пайызға ұлғайды. Теңгедегі депозиттер 1,6 пайызға, шетел валютасындағы депозиттер - 1,5 пайызға өсті. Теңгедегі депозиттердің үлесі желтоқсанмен салыстырғанда өзгермей, 65 пайыз деңгейінде қалды.

Ал резидент еместерді қоса алғандағы халықтың банктердегі салымдары 0,6 пайызға немесе 1252,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер 1011,8 миллиард теңгеге, яғни 1,2 пайызға өсті. Соның нәтижесінде теңгедегі салымдардың үлесі 55,5-тен 55,3 пайызға дейін төмендеді.

Жалпы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі теңгедегі салымда банктік емес заңды тұлғаларда 3,3 пайызды, ал жеке тұлғаларда - 8,8 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны