06.12.2007, 15:10 3017

ҚР барлық аймақтарында үлестік құрылысты аяқтау үшін қор құрылады

ҚР барлық аймақтарында үлестік құрылысты аяқтау үшін қор құрылады

Астана. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР барлық аймақтарында үлестік баспана құрылыстарын аяқтау үшін қор құрылады. Бұл туралы бүгін үкімет, Астана әкімдігі "Қазына" ТДҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік жөнінде келісімге қол қойылған соң өткізілген баспасөз мәслихатында "Қазына" ТДҚ АҚ басшысы Қайрат Келімбетов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Баспана құрылысы Астанадан басқа Алматыда және басқа аймақтарда көптеп салынуда, олардың бәрінің аяқталуына қолдау көрсетіледі", - деді Қ. Келімбетов.

Ол атап өткеніндей,"қор тарапынан құрылыс нысандарының тұрғызылуына қаржылық көмек көрсетудің алғашқы жобалық бағдарламасы үлестері барлардың қатысуымен Астанада өткізілсін деген шешім қабылданған".

"Біз оны 2007 жылы бастап, алдағы 2008 жылы аяқтайтын боламыз. Оның қорытындылары сарапталғаннан кейін, қорларды Астанадан басқа 2008-2009 жылдары аралығында Алматы және тағы да басқа аймақтарда ашу мүмкіндігі туады", - деп атап өтті Қ. Келімбетов.

"Қазына" басшысының айтуынша, үкімет тарапынан "облыс әкімдіктері 2008 жылдың бюджетіне биыл аймақтарда басталған құрылыс нысандарын қаржыландыру үшін тиісті өзгертулерін енгізу жөнінде шешім қабылдады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны