01.03.2010, 16:04 3237

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Астанаэнергосбыт" және "Шығысэнерготрейд" компанияларына қатысты айыппұл санкциясын қолданды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Астанаэнергосбыт" және "Шығысэнерготрейд" компанияларына қатысты айыппұл санкциясын қолданды

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Астанаэнергосбыт" және "Шығысэнерготрейд" компанияларына қатысты айыппұл санкциясын қолданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Астанаэнергосбыт" ЖШС жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша белгілі болғанындай, ЖШС жалпы үй қажеттіліктері төлемін төлемегені үшін жекелеген тұтынушыларға жарық бермеген. Сондай-ақ, ЖШС тұтынушылардың пәтер көлемімен салыстыруға келмейтін мөлшерде жалпы үй қажеттіліктері төлемін белгілеу арқылы тұтынушылардың заңды құқығын бұзған. Бұл деректер қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Сол себепті мекеме басқармалары аталған ЖШС-ке қатысты әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдап, айыппұл салды. Осы заң бұзушылықтардың нәтижесінде ЖШС электр жарығын сатудан 43 млн теңге көлемінде пайда тапқан", - делінген ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, ""Шығысэнерготрейд" ЖШС-іне қатысты тексерулер де аяқталды. "ЖШС электр қуатын бөлшек саудалауда өзінің нарықтағы басымдық ахуалын асыра пайдаланып, тұтынушылардың құқығын бұзған. Айыппұл көлемі - 0,5 млрд теңгені құрады. Іс материалдары сотқа жіберіледі",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны