04.06.2009, 11:46 1530

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі бірқатар энергетикалық компанияларға қатысты тексеруді аяқтады

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі бірқатар энергетикалық компанияларға қатысты тексеруді аяқтады

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі бірқатар энергетикалық компанияларға қатысты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басқармасының 1 маусымда өткен 3-ші отырысының қорытындысы бойынша үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша 4 тексеру аяқталды.

Атап айтсақ, "Павлодар электр тарату желісі компаниясы" АҚ-ға қатысты тергеу аяқталды, АҚ Павлодар облысының географиялық шекараларында тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, "КоммунЭнергоРасчет" ЖШС-ның нарыққа қол жеткізуін шектеді. Басқарма монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою және "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" ҚР Заңын бұзу бөлігінде "Павлодар ТЭК" АҚ-ға қатысты шаралар қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне хабарлау туралы шешім қабылдады.

"Шығысэнерготрейд" ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізілді, ЖШС өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, Азаматтық кодексте көзделмеген электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін үй кітабының көшірмесін талап етуден көрінген тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасаған ("Бәсекелестік туралы" ҚР Заңының 13-бабы).

Басқарма "Шығысэнерготрейд" ЖШС-ның атына монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, "Рудненская ЭнергоКомпания" ЖШС-не қатысты тергеу аяқталды, ЖШС өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, тұрғындардың электр энергиясын есептеу құралдарын ғимараттың фасадына шығарудан және электр беру желісінен электр энергиясын есептеу құралдарына дейін бірыңғай сым жүргізуден бас тартуына байланысты электр энергиясын беруден бас тартқан. Басқарма "Рудненская ЭнергоКомпания" ЖШС-не қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны