01.10.2008, 16:52 3094

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Достастықтың азық-түлік нарықтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер бойынша ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірлесе тексерулер жүргізу жөнінде бастама көтерді (толық нұсқасы)

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Достастықтың азық-түлік нарықтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер бойынша ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірлесе тексерулер жүргізу жөнінде бастама көтерді (толық нұсқасы)

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Достастықтың жанар-жағармай және азық-түлік нарықтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер бойынша ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірлесе тексерулер жүргізу жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы бүгін Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпыдүниежүзілік ағымды ескере отырып бұл бағытты қарқындандыру қажет. Исіресе отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникациялар, азық-түлік тауарлары нарығына баса назар аудару қажет деп санаймыз", - деді М.Есенбаев.

"Отын-энергетикалық кешен нарығы жанама салалар үшін мультипликатор болып табылады, сол себепті мемлекетаралық кеңестің таяудағы бір отырысының күн тәртібіне жанар-жағармай нарығының ахуалы туралы мәселені енгізуді ұсынамыз", - деді ол.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев "бүгінде ТМД кеңістігінде бірлескен тексерулер жүргізетін штаб жұмыс істеп жатқанын, 14 қарашада оның ТМД елдері арасындағы авиациялық тасымал саласындағы бәсекелестік ахуалы туралы бірінші баяндамасы үкімет басшыларының Молдовада өтетін отырысында қаралатынын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны