16.04.2008, 15:33 3267

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын үш бағытпен шектемекші - Есенбаев

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын үш бағытпен шектемекші - Есенбаев

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын үш бағытпен шектемекші. Бұл туралы бүгін "Бәсекелестік туралы" жаңа заңның жобасы жөніндегі" дөңгелек үстелде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Президент бәсекелі нарыққа мемлекеттің қатысу үлесін қысқарта түсу туралы талай айтты, алайда, өкінішке орай, біз кері құбылысты байқап отырмыз: мысалы, ҚТЖ, "Қазақтелеком" немесе энергетикалық қызметтердің қайсысын алып қарасақ та, олардың жергілікті деңгейде көрсететін қызметі көп. Бәсекелі секторға шығаруға болатын осы қызметтерді мемлекеттік кәсіпорындар атқарып отыр. Коммерциялық, бәсекелі ортада болуға тиіс қызметтер мемлекеттік айналымға көптеп алынуда", - деді М. Есенбаев.

"Сол себепті біз заңда мемлекет міндетті түрде қатысуға тиіс секторлар мен мемлекет қатыса алмайтын салаларды және оның қалай айқындалатынын нақты көрсетпекшіміз", -деді ол. "Заң жобасында бизнеске мемлекет қатыса алатын формалар мен негіздемелердің айқын тізімі көрсетілген және бұл - үш оқиға",- деп нақтылады агенттік төрағасы.

Өз кезегінде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жанат Қожахметовтың түсіндіруінше, "аталған үш оқиғаның тізіміне ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету және қоғамды қорғауды қамтамасыз етуде мемлекеттің қатысуынан өзге мүмкіндік жоқ үш жағдай қамтылған".

"Мемлекеттің қатысуы ақталатын екінші жағдай - бәсекелестік дамымаған немесе ол жеткіліксіз деңгейде дамыған салаларда түрлі тауарлар өндіру қажеттігі мен қоғамдық өндіріс салаларында қоғамдық сұраныстың болуы ", -деді агенттік өкілі.

"Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын ақтайтын үшінші оқиға мемлекеттік меншіктегі стратегиялық нысандарды пайдалануға қатысты", -деді ол.

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының тағы бір орынбасары Борис Парсеговтың пайымдауынша, " мемлекетті кәсіпкерлік қызметке мүлдем қатыстырмау мүмкін емес, бірақ агенттік жаңа заң жобасында оны мемлекет пен қоғамның сұранысына байланысты қатаң шектеп отыр". "Біздің орган үшін мемлекеттің қатысуы ақталатын аса маңызды жағдай - қандайбір нарықта бәсекелістіктің мүлдем болмауы немесе оның жақсы дамымағандығы болмық", -деді ол.

"Айталық, қандайбір өңірде қазір медициналық қызмет көрсету бөлімшесі жоқ екен делік. Ирине, ондай жағдайда мемлекет халықтың осындай қызметке деген сұранысын жаба алатын кәсіпорын құруға тиіс. Бірақ мұндай нарықтар қатаң қадағалануға тиіс. Осы салада бәсекелестік жеткілікті дәрежеде дамығанын көре сала біз заңнамада қарастырылған барлық әрекеттермен мемлекетті осы нарықтан шығаруға қадам жасайтын боламыз", -деді төраға орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны