01.03.2010, 15:42 3100

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" және ҚМГ СҮ компанияларына 240 млн теңгенің айыппұлын салды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" және ҚМГ СҮ компанияларына 240 млн теңгенің айыппұлын салды

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС мен "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" АҚ-ына қатысты әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі басқармаларының 2010 жылдың 26 ақпанында өткен 13-ші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Нарықтағы басымдық ахуалын асыра пайдалану оқиғасы үшін жанар-жағармай нарығындағы субъектілерге қатысты әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылданды. 2009 жылдың қазан-қараша айлары аралығындағы жанар-жағармай тапшылығы кезеңінде "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС мен "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" АҚ мұнай қоймаларында жеткілікті мөлшерде өнім бола тұра, оларды бөлшек саудаға шығару үшін жібермеген. Айыппұл көлемі - 240 млн теңгені құрайды. Іс материалдары сотқа жіберіледі",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны