07.08.2008, 18:40 2955

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанар-жағармай саудасымен айналысатын 64 компанияға қатысты материалдарды қаржы полициясына тапсырды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанар-жағармай саудасымен айналысатын 64 компанияға қатысты материалдарды қаржы полициясына тапсырды

Алматы. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі нарықтағы басымдық жағдайын пайдалануға және бағаны ымыраласа белгілеуге жол берген жанар-жағармай саудасымен айналысатын 64 компанияға қатысты материалдарды қаржы полициясына тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы компаниялардың іс-әрекетінен "бәсекелестікке қарама-қайшы келісімдердің (ымыраласа жасалған іс-әрекеттердің) белгілері байқалуға байланысты" материалдар одан әрі тексеріп тергеу және процессуалдық шешім қабылдау үшін қаржы полициясына тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны