17.03.2014, 19:49 2698

ҚР - да 2013 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 230 млрд теңге бағытталды - М.Оспанов

Қазақстанда 2013 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 230 млрд. теңге бағытталды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР ТМРА төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстанда 2013 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 230 млрд. теңге бағытталды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР ТМРА төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

"Инвестициялық жобаларды құру және жүзеге асыру әрқашан Агенттіктің қатаң бақылауында. 2012 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 209 млрд. теңгеге жуық қаражат, ал, 2013 жылы 230 млрд. теңге жұмсалды. Инвестиция көлемін арттыру арқылы әр монополистің міндетін бекітіліп инвестициялық жоба жасақталады және жүзеге асырылады. Инвестордың болуы - тарифті бекіту бойынша басты шарт", - деді М. Оспанов.

Бұдан басқа, оның айтуынша, ТМРА инвесторларға интикаторларды бекітеді, олар - нормативті шығыстарды, жанармайдың сыбағалы шығысы мен құралдарға энергияның жұмсалуын төмендету болып табылады.

Осы ретте, Агенттіктің төрағасы атап өткендей, тек осы индикаторларға қол жеткізілген тұста ғана инвестициялық жобалар қабылданып және жүзеге асырылды деп есептеледі.

"Өткен жылы энергия тиімділігі бойынша шаралар 11,6 млрд. теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы нормативті шығын көлемі төмендеді. 2006 жылдан бастап бұл деңгей жартылай азайды. Ал, соңғы 10 жылда жөндеу жұмыстары мен құралдарды ауыстыру нәтижесінде жылу энергиясын өндіру бойынша шығын 2 есе кеміді", - деп М. Оспанов түсіндіріп өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны