12.03.2014, 20:55 5560

ҚР ЭБЖМ Мәжіліске 2014 жылға бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсынды

"2014 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 6 206,1 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 773,7 млрд. теңге) салыстырғанда 432,5 млрд. теңгеге өсумен айқындалды.Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттер түсімдерінсіз) бекітілген жоспардағы 4 029,4 млрд. теңгеге қарағанда 331,7 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып нақтыланды және 4 361,2 млрд. теңге құрайды", - деп ЭБЖМ хабарлады.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы орындау мақсатында 2014 жылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы есебінде ағымдағы жылдың республикалық бюджет параметрі нақтыланды, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен хабарлады.

"2014 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 6 206,1 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 773,7 млрд. теңге) салыстырғанда 432,5 млрд. теңгеге өсумен айқындалды.Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттер түсімдерінсіз) бекітілген жоспардағы 4 029,4 млрд. теңгеге қарағанда 331,7 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып нақтыланды және 4 361,2 млрд. теңге құрайды", - деп ЭБЖМ хабарлады.

Түсімдер және тапшылықтың нақты азаюы бойынша нақтыланған болжамды, сондай-ақ 2013 жылғы бюджет қаражатының қалдықтарын тартуға байланысты бұрын жүргізілген түзетуді ескере отырып, 2014 жылы республикалық бюджет шығыстары бекітілген көлемге қатысты 408,7 млрд, теңгеге ұлғаюмен 7 124,8 млрд. теңгені құрайтын болады.

Жалпы, қосымша қаражат Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында, сондай-ақ ағымдағы жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларды іске асыруға бағытталатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны