14.02.2014, 19:47 18086

ҚР Экономика министрлігі Қазақстанға шетел инвестицияларының жаңа толқынын тартуды жоспарлап отыр

"Экономиканың ұзақ мерзімді өсуіне қолдау көрсету, және ең бастысы озық технологиялар трансферті үшін тікелей шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыс басталды", - деді Е.Досаев.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) тікелей шетел инвестицияларының жаңа толқынын тарту бойынша жұмысты бастады, деп хабарлады бүгін ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Экономиканың ұзақ мерзімді өсуіне қолдау көрсету, және ең бастысы озық технологиялар трансферті үшін тікелей шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыс басталды", - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, инвесторларды тарту үшін Қазақстанда үздің стандарттар мен ЭЫДҰ принциптерін кезең-кезеңмен енгізу қамтамасыз етіледі, инвестициялық қызмет саласында ұлттық заңнама жетілдірілді, оның ішінде өңдеу секторының нақты жобаларын жүзеге асыруға мақсатты индикаторлар тартуға қатысты МЖК механизмі арқылы инфрақұрылымдық жобаларға инвесторлардың қатысуы кеңейтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны