27.03.2012, 13:01 3610

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Үкіметке жетілдірілген "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын ұсынды

Бағдарламаға өзгертулердің екі пакеті енгізілді. "Өзгертулердің бірінші пакеті лизингтік келісімшарттарды субсидиялау және оқыту бағдарламаларына көрсетілетін сервистік және ұйымдастыру қызметтерін жетілдіруді, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрлігін жобаларды келісу үрдісінен шығаруды көздейді", - деді ҚР Үкіметінің отырысында Б.Сағынтаев.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Үкіметке жетілдірілген "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрдің айтуынша, Бағдарламаға өзгертулердің екі пакеті енгізілді. "Өзгертулердің бірінші пакеті лизингтік келісімшарттарды субсидиялау және оқыту бағдарламаларына көрсетілетін сервистік және ұйымдастыру қызметтерін жетілдіруді, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрлігін жобаларды келісу үрдісінен шығаруды көздейді", - деді ҚР Үкіметінің отырысында Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар министр "Даму" қорында жедел кепілдемелер беруді қарау мерзімін 5 жұмыс күннен, жеке кепілдемелерді қарау мерзімі - 15 күннен аспайтын болатынын жеткізді. Бағдарламаға сондай-ақ валюталық қарыздарды кепілдендіру бағыты қосылады.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметінше, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының шарттарын түсіндіру, сондай-ақ бизнес-жобаларды сараптау мен қарыз алушылардың несиені төлеу мүмкіндіктерін бағалау бойынша банк және әкімдік қызметкерлері үшін бөлек оқыту бағдарламасы көзделген. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бағытталған "Бизнес-насихат" жобасы жүзеге асырылмақ.

Жалпы алғанда, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына енгізілетін жаңалықтар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау құралдарын кеңейтуге, әкімшілік үрдістерді жеңілдетіп, кәсіпкерлердің несие ресурстарына қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны