30.05.2008, 19:21 3205

ҚР электр энергетикасы саласына 2015 жылға дейін $23,4 млрд мөлшерінде инвестиция салу көзделген - Сәтқалиев

ҚР электр энергетикасы саласына 2015 жылға дейін $23,4 млрд мөлшерінде инвестиция салу көзделген - Сәтқалиев

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның электр энергетикасы саласына 2015 жылға дейін жылу жүйелерінің инвестицияларын ескергенде, 2,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген, бұл шамамен $23,4 млрд қаржыны құрайды. Бұл туралы "KEGOC" АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиев "Электр энергетикасы саласы дамуының болашағы мен қазіргі жағдайы" тақырыбына арналған энергетиктердің IV Республикалық кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның сөздері бойынша генерация секторына қажетті инвестиция көлемі шамамен 1,55 трл теңгені құрайды. Ұлттық электр желілерін дамыту үшін 197 млрд теңге көлемінде қаржы құю керек. Тарату желілерін дамытып жаңарту үшін 963 млрд теңге қажет.

А. Сәтқалиев еске салғанындай, 2007 жылдың мамыр айында энергетикалық қауіпсіздікті, Қазақстанның бірыңғай энергетикалық желілерінің тұрақты жұмысы мен электр тұтыну өсімін қамтамасыз ету мақсатында ҚР премьер министрінің қаулысы бойынша "2007-2015 жылдары ҚР электрэнергетикалық саласын дамыту жөніндегі шаралардың жоспары" бекітілді.

Көрсетілген жоспар бойынша 2015 жылға дейін Қазақстанда қуаты 8164 МВт жететін жаңа қуат көздерін енгізу ұсынылуда. Соның ішінде жаңа құрылыстар есебінен 5456 МВт және жұмыс істеп жатқан электр станцияларын кеңейту арқылы 2708 МВт қуат өндіру көзделген. Сондай-ақ , аймақтық электр тарату компаниялардың электр желілерін қалпына келтіру және ҚР ұлттық электр желілерін дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру керек, деп атап өтті "KEGOC"АҚ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны