10.08.2017, 19:11 4366

ҚР ЭМ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде іске асырылатын "Солтүстік-Шығыс-Оӊтүстік транзитініӊ 500кВ ИЖ-сін салу" инвестициялық жобасы бойынша ақпаратты таныстырды

Қазіргі уақытта объектініӊ барлық учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 883 км құрайтын 500кВ желініӊ 434 км, соныӊ ішінде 2017 жылы 270 км салынды.

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 10 тамызда ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ баспасөз орталығында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтіӊ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында энергетика вице-министрі "Нұрлы-Жол" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде іске асырылып жатқан "Солтүстік-Шығыс-Оӊтүстік транзитініӊ 500кВ ИЖ-сін салу" инвестициялық жобасы жөнінде айтып өтті.

1 кезек: 500 кВ Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен желісін салу

"500кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен желісін салу" жобасын іске асырудыӊ мақсаты Солтүстік-Шығыс қимасында желілердіӊ өткізу қабілетін арттыру, Ресей БЭЖ желісі арқылы электр энергиясы транзитіне қарамастан Шығыс Қазақстан облысыныӊ тапшылықтарын жабуды қамтамасыз ету, контрреттеуіш Бұлақ ГЭС-ін ендірген кезде Шүлбі ГЭС-інен (ШГЭС) толық қуат беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2017 жж.

Жобаныӊ құны - ҚҚС-ны есепке алғанда53,3 млрд. теӊге. Жоба толығымен компанияныӊ қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жобаныӊ сипаттамасы

- 500 кВ Екібастұз - Семей ИЖ-ні салу (405,7 км);

- 500 кВ Семей - Өскемен ИЖ-ні салу (192,8 км);

- 220 кВ Семей - ШГЭС ИЖ-ні салу (78,9 км);

- 500 кВ Семей ҚС 220кВ АТҚ-дағы 220 кВ 51 ҚС және 18 (13,5 км) ҚС ИЖ-ніӊ кіріс-шығыс жерлерін салу;

- 500 кВ Семей ҚС 220кВ АТҚ-дағы 220 кВ 18 ҚС және ШГЭС (13,5 км) ИЖ-ніӊ кіріс-шығыс жерлерін салу;

- 500 кВ Семей ҚС-ны салу;

- 1150 кВ Екібастұз ҚС-дағы 500кВ АТҚ-ны кеӊейту;

- 500 кВ Өскемен ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-ны кеӊейту;

- 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ-ны кеӊейту.

Жобаныӊ ағымдағы дәрежесі:

Қазіргі уақытта жобаныӊ барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары табысты аяқталды. Жалпы ұзындығы 598,5 км құрайтын 500 кВ Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен желісі мен 500кВ "Семей" ҚС-ға кіретін, жалпы ұзындығы 106 км құрайтын 220 кВ "Семей-Шүлбі" желісі салынды. Сонымен қатар 500 кВ "Семей" ҚС, 500 кВ "Өскемен" ҚС, 1150 кВ "Екібастұз" ҚС мен 220 кВ "Шүлбі ГЭС" қосалқы станцияларында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Салынып біткен жұмыстар "Индустриалдандыру күні" шеӊберінде Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өткізілген жалпы ұлттық телекөпір кезінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда іске қосылды.

Бұл ретте жобаныӊ бірінші кезеӊі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған мерзімнен бұрын жұмыс кестесінен ерте 2016 жылы аяқталды.

2 кезек: 500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай -Талдықорған - Алма ИЖ-ні салу

Жобаны іске асыру Қазақстанныӊ Солтүстік-Оӊтүстік бағытындағы ҰЭТ транзиттік әлеуетін арттыруға, теміржолдардағы, тау-кен кәсіпорыныныӊ энергияны көп қажет ететін объектілеріндегі электрлендірілетін учаскелерддіӊ электр энергиясына деген қажеттіліктерін жабуды қамтамасыз етуге, шекара маӊындағы аумақтарды дамыту үшін жағдай жасауға және жаӊартылатын энергия әлеуетін ауқымды игеруге, сонымен қатар Шығыс аймақтыӊ Қазақстанныӊ біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2018 жж.

Жобаныӊ құны - ҚҚС-ны есепке алғанда105,5 млрд. теӊге. Жоба меншік қаражаты және "KEGOC" АҚ купондық облигацияларын сату арқылы, БЗЖҚ-дан алынған 47,5 млрд. теӊге сомасындағы қаражат есебінен қаржыландырылады.

Жобаныӊ сипаттамасы

- 500 кВ Семей -Ақтоғай ИЖ-ні салу (390,8 км);

- 500 кВ Ақтоғай-Талдықорған ИЖ-ні салу (287,4 км);

- 500 кВ Талдықорған-Алма ИЖ-ні салу (203,8 км);

- 500 кВ Талдықорған ҚС 220 кВ ИЖ кіріс-шығыс жерлерін салу,(183,9 км);

- 500 кВ Ақтоғай ҚС-ны салу;

- 500 кВ Талдықорған ҚС-ны салу;

- 500 кВ Алма ҚС-ны салу;

- 500 кВ Семей ҚС-ны кеӊейту.

Жобаныӊ ағымдағы дәрежесі:

Жобаныӊ екінші кезеӊі - 500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған - Алма желісін салуды іске асыру - жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі уақытта объектініӊ барлық учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 883 км құрайтын 500кВ желініӊ 434 км, соныӊ ішінде 2017 жылы 270 км салынды.

Жоба іске асырыла бастағаннан БЗЖҚ-дан алынған ҚҚС-ны есепке алғанда 45 441,313 млн. теӊге сомасындағы, соныӊ ішінде 2017 жылы ҚҚС-ны есепке алғанда 14 809,093 млн. теӊге сомасындағы күрделі қаржы салымы игерілді.

ҚР Энергетика министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны