17.05.2007, 16:53 2878

ҚР ЭМРМ алқасы Атырау облысындағы біріккен мұнайхимиялық кешенінің құрылысына қатысты инвестициялық жобаның техника-экономикалық негіздемесінің негізгі көрсеткіштерін бекітті

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқасы Атырау облысындағы біріккен мұнайхимиялық кешенінің құрылысына қатысты инвестициялық жобаның техника-экономикалық негіздесмеінің негізгі көрсеткіштерін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Журналистерге берген сұхбатында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару және технологиялық даму департаментінің директоры Раушан Сармурзина, аталмыш кешеннің полиэтилен, полипропилен және полистирол өндіруге мамандандырылатындығын, олардың шикізаты ретінде Қашаған кенішінде өндірілетін газ қолданылатындығын еске сала кетті. "Қазір көгілдір отын тасымалдайтын Теңізшевройлмен қаулыға қол қойылуда",- деп нақтылап өтті ол.

Жобаның бағасы бірінші кезеңде - 5,2 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл сомаға инфрақұрылым құруға қажетті қаржы да кіреді. Жобаны қаржыландыру схемасы аралас болады, оны қазір "ҚазМұнайГаз" АҚ мен "Kazakhstan Petrochemical Industries" АҚ әртүрлі банк жүйелерімен пысықтауда. Жобаға халықаралық банктер де тартылуда, және де "Қазына" АҚ да қосылған",- деді Раушан Сармузина. "Қазір ол кімнің зауыты болатындығын, кімнің қаржы салатындығы туралы айту қиын, бірақ жоба операторы "Kazakhstan Petrochemical Industries" АҚ болып табылады, сонымен қатар онда "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның да үлесі бар",- деп қосты ол.

Раушан Сармузина қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" АҚ үлесі 30 пайызды, қалған 70 пайыз - "Kazakhstan Petrochemical Industries" АҚ үлесінде, бірақ "үлес қаржыландыруға байланысты өзгеруі де мүмкін екендігін" атап өтті. Яғни, "ҚазМұнайГаз" АҚ көбірек қаржы салып, өз үлесін өсіре алатындығын да" жоққа шығармады.

Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің өкілі, жобада сондай-ақ бюджеттік қаржының да бөлінетіндігі қарастырылғандығын қосты. "Кешеннің құрылысы инвесторлар есебінен жүргізілетіндігін, ал инфрақұрылым құру бюджет есебінен қаржыландырылатындығын, атап өту керек",- деді ол. Энергетика және миниералды ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, инфрақұрылымның құрылысы 850 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыруды қажет етеді.

Сондай-ақ, Р. Сармурзинаның айтуынша, кешен құрылысын үстіміздегі жылдың желтоқсанында бастау жоспарланған, техника-экономикалық негіздемеге сәйкес жалпы құрылыс салу уақыты 3 - 5 жылды құрайды. "Техника-экономикалық негіздеме бойынша бұл жобаға салынған қаржы 12 - 15 жыл аралығында ақталады",- деді департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны