18.07.2008, 13:54 1145

ҚР ЭМРМ мұнай экспортына салынатын кедендік баж салығын көтеру мүмкіндігін қарастыруда

ҚР ЭМРМ мұнай экспортына салынатын кедендік баж салығын көтеру мүмкіндігін қарастыруда

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай экспортына салынатын кедендік баж салығын көтеру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы кеше мекеме басшысы Сауат Мыңбаев мұнай өңдеуші компаниялардың өкілдерімен өткен отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мұнай экспортына салынатын кедендік баж салығын енгізу жанар-жағармай нарығындағы қымбатшылыққа тосқауыл бола алмады деген журналистер сауалына министр: "кедендік баж салығының көлемі жоғары болуға тиіс, тек сонда ғана нәтиже болады",- деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны