08.06.2007, 14:14 3187

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақ қорларының жарғылық қорының ең төменгі көлемін 2 млрд теңгеге дейін өсіруді ұсынуда

АСТАНА. 8 - маусым. Kazakhstan Today. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақ қорының жарғылық қорларының ең төменгі көлемін 2 млрд теңгеге дейін өсіруді ұсынуда. Бұл туралы үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде зейнетақы жинағы мен жинақтаушы зейнетақы қорының тұрақтылығын сақтау өткір пробламаға айналып отыр. Оның қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы қорларының екінші деңгейдегі банктермен аффиллирлік байланысқа байланысты тәуекелін төмендетудің алдын алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорындағы жарғылық қордың ең жоғарғы мөлшерін 2 млрд теңгеге дейін өсіруді ұсынып отырмыз", - деді Г. Қарағұсова.

Министр қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 250 млн теңгені құрап отырғандығын еске салып өтті. Ол, сонымен қатар, үкіметке корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуына және қызмет етуіне тыйым салуды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. "Біздің ойымызша, осы аталған мәселелермен қатар жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталында бір акционер үшін қордың қарапайым акцияларындағы үлесін 25 пайыздан асырмау туралы шектеу енгізу қажет", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Г. Қарағұсова, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді жүргізу жүйесіне өзгерістер енгізу керек деп санайды. Ол қордың жылдық сомасын ұлғайтып, төлемдер көлемінің жинақ көлемі мен жинақтаушы зейнетақы қорында қатысу уақытына тәуелділігін ескере отырып жүзеге аспақ. "Қазіргі қолданыстағы қордан төлем төлеу тәртібі зейнеткерлердің мүдделеріне және зейнетақы жинағының өсуіне қайшы келіп отыр. Осы мәселе бойынша Илемдік банкпен маңызды есептесулерді аяқтап келеміз. Күзде жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнеттік жинақтарды төлеудің жаңа тәртібі үкіметке ұсынылмақ", - деді министр Гүлжан Қарағұсова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жоғарыда аталған мәселелермен бірге ерікті мамандық зейнеттік салымдарды еңбек жағдайы неғұрлым зиянды және қауіпті салалар үшін міндетті болғызу қажет деп санайды. "Мәселе металлургия, тау-кен, мұнай өңдеу, химия өндірісі және атом энергетикасы жайында болып отыр", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

"Міндетті мамандық салымдарды енгізуді жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен салымдар бойынша шығындарды өнімнің өзіндік құнына белгілеу және корпоративті қосымша құн салығын төлеу кезінде оны алып тастау жолымен іске асыруды көздеп отырмыз. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жинағы ғана көбейіп қоймай, еңбек жағдайын жақсарту жұмыс беруші үшін экономикалық пайда әкеледі", - деп санап отыр министр.

Осыдан өзге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кейбір жұмыс берушілерде өткен жылдардың міндетті салымдары бойынша айтарлықтай көлемде қарыз қалыптасқандығын және ол қолданыстағы құқықтық шеңбер бойынша қайтарылмайтындығын, сондай-ақ, осы борышкерлердің шаруашылық қызметін қиындататындығын еске салып өтті. "Зейнеттік төлемдер бойынша қарыздарды қайтару үшін біз мүмкін нәрселердің бәрін тазарттық. Енді тек талап етілмеген қаражат қана қалды. Біз оларды Ұлттық қорға аударуды ұсынып отырмыз. Ол, біріншіден - ол қаражаттың сақталуын, ал, екіншіден - инвестициялық кірістің есептеліп кіруін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл ақшаға құылы азаматтар тілек білдірген кездерде әрбір жеке салымшыға келер жылы төленіп отырады", - деді Г. Қарағұсова.

Ол, сонымен қатар, есепшоты бар адамдардың зейнеттік жинақтары қайғы-мұңсыз кәрілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екендігін атап өтті. "Есептеулер 2030 жылға қарай бұрын алып отырған табысын - жинақ, тілектес және базалық - құрама зейнетке алмастыру пайызы еркектер үшін шамамен 30 пайыз, ал әйелдер үшін жуықтап алғанда 16 пайызды құрайтынын көрсетіп отыр", - деді министр. Осыған байланысты ол инвестициялық кіріс пен жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдарының тізбегін кеңейтуге бағытталған шаралар жиынын ұсынған.

"Зейнеттік активтерді жылдам дамиды деп болжанған жобаларды іске асыруға тартуға, яғни, даму институттарының облигацияларын шығару жолымен, инфляция тәуекелділігінен сақтану құралы ретінде 10 жылдан 20 жылға дейін орташа мерзімді және ұзақ мерзімді жинақтаушы қазыналық міндеттемелердің жеткілікті көлемін шығаруды тұрақты өз деңгейінде ұстап тұру қажет. Сондай-ақ, салымшының жас мөлшері мен оның жинағының көлемінен шыға отырып инвестиция стратегиясы мен табыс деңгейіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельдерін бөлістіруді қарастыру қажет", - деп санайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Ол, сондай-ақ, біртіндеп қаржылық құралдарды таңдаудың беделге сабақтас жүйесіне көшуді және отандық қор нарығында жоғары несиелік беделдегі қаржылық құралдардың таралуына ықпал ету, өндірістік қаржы құралдар нарығын дамыту керектігін ұсынды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары 8,6 млн адамды құрап отыр. Ал оның активтері 947 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 9,7 пайызына тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны