22.12.2009, 18:13 12619

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015 жылға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу құрылымын өзгертуді және оны ұлғайтуды жоспарлауда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015 жылға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу құрылымын өзгертуді және оны ұлғайтуды жоспарлауда

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015 жылға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу құрылымын өзгертуді және оны ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова бүгін үкіметте өткен жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың қазіргі бар жүйесіне жүйелік өзгерістер енгізу жоспарлануда. Соның ішінде " ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының әлеуметтік стандарттарын жетілдіру бар", - деді министр.

"2015 жылға дейін халықтың тұтыным шығындарының құрамында өзгерістер болатындығына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу құрылымы өзгертіледі, ал бұл оның мөлшерін ұлғайтуға алып келмек", - деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын "Еуропалық қоғамдастықтың көптеген елдеріне тән медиандық кіріс негізінде" есептеуге көшу мүмкіндігі қарастырылады.

"Ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа шамасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік стандарттар - ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақылар, әлеуметтік көмек пен қолдаудың табалдырық деңгейі сәйкестендіріледі", - деді мекеме басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны