16.09.2008, 14:14 1534

ҚР энергетика министрі Курчатовтағы келешек халықаралық ядролық орталыққа еркін экономикалық аймақ мәртебесін беруді ұсынады

ҚР энергетика министрі Курчатовтағы келешек халықаралық ядролық орталыққа еркін экономикалық аймақ мәртебесін беруді ұсынады

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев Курчатовтағы келешек халықаралық ядролық орталыққа еркін экономикалық аймақ мәртебесін беруді ұсынады. Мұндай пікірді ол бүгін үкіметте өткен отырыста ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық институт құру туралы ұсынысты қолдау қажет шығар, онымен шектелмей, егер осындай өндірістер Курчатовта орналасатын болса, еркін экономикалық аймақ мәртебесі туралы ойластыру керек. Өйткені, онда бос жерде жоғары технологиялар жасалады", - деді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны