25.02.2015, 17:59 4108

ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылы мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін өседі деп болжауда

2017 жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі 86 млн тоннаға дейін өседі, деп хабарлады бүгін энергетика министрініӊ бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин ОКҚ брифингінде

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі 86 млн тоннаға дейін өседі, деп хабарлады бүгін энергетика министрініӊ бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2017 жылы мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетсе, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 104 млн тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін", - деді Ұ.Қарабалин, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Бұл ретте ол өндірілетін мұнай көлемін арттыру Тенгиз кенішіндегі өндірістіӊ артуымен және Қашаған кенішіндегі теӊізден мұнай өндірудіӊ жаӊғыртылатындығымен байланысты болатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, ол 2014 жылы 2,5 млн тонна сұйытылған көмірсутектік газ өндірілгенін, бұл өткен жылға 100,7% құрайтынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны