09.09.2015, 15:12 4199

ҚР Энергетика министрлігі АИ-92 және АИ-93 бензиніне бағаныӊ төмендеуін жоққа шығармайды

Қазақстанда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы төмендеуі мүмкін, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы төмендеуі мүмкін, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Баға төмендеуін жоққа шығаруға себеп жоқ. Егер бензин нарыққа жеткілікті түрде жеткізілетін болса, және біз олардыӊ ұсынған бағасына сатып алмасақ, әрине сатушы бағаны төмендетуге мәжбүр болады", - деді Ұ.Қарабалин, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оған қоса, ол бүгінгі таӊда аталған маркалы бензинніӊ орташа нарықтық бағасы литріне 125 теӊгені құрайтынын айтып өтті.

"Бір айдыӊ ішінде баға тұрақталып, өзініӊ қалыпты нарықтық арнасына келетініне сенімдіміз. Содан кейін тұрақты түрде сақталып, біздіӊ басты жеткізушіміз болғандықтан, негізінен Ресейде қандай бағамен сатылатынына байланысты болады. Изірге біз зауыттарымызды толық қамтамасыз ету деӊгейіне шығарған жоқпыз, біз Ресей нарығындағы бағаларға тәуелді боламыз", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, ол нақты нарықтық бағалар ағымдағы жылдыӊ қараша-желтоқсанында бекітілетінін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны