29.02.2008, 14:22 1023

ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына экспорттық кедендік баж салығына қатысты есептерді жіберді - Мыңбаев (толықтырылған нұсқа)

ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына экспорттық кедендік баж салығына қатысты есептерді жіберді - Мыңбаев (толықтырылған нұсқа)

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына экспорттық кедендік баж салығына қатысты есептерді жіберді. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Экспорттық кедендік баж салығына қатысты есептер жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына жазбаша түрде таратылды", - деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, бұл есепте Энергетика министрлігінің үкіметтің отырысында танытсрыған есебімен салыстырғанда "шамалы өзгерістер бар".

Өзгерістердің сипатына қатысты журналистер сауалына министр : "онда параметрлер өте көп, онда бәрі мемлекет ішінде біз мұнай өнімдерінің қандай баға деңгейін бағдар етіп алуға тиіс екендігімізге байланысты",- деді.

"Экспорттық кедендік баж салығын салу ұсынылған көлем әзірге өзгерген жоқ, 27 млн тонна деңгейінде қалдырылды", - деді С. Мыңбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы жылдың 29 қаңтарында Қазақстан үкіметі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнайдың экспорттық баж салығын енгізу мүмкіндігін талқылады.

Үкіметтің отырысында сөз сөйлеген еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың түсіндіруінше, қазір үкіметтің алдында Қазақстанның ішкі нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері тұр.

"Бұл мәселені шешу үшін шикі мұнай мен сұнай өнімдерінің экспорттық кедендік баж салығын енгізу қажет екені айқын. Мұндай жағдайда ішкі нарықтағы баға шикі мұнайдың экспорттық кедендік баж салығының болуына байланысты шамада төмен болмақ", - деді ол.

Бұған қоса министр "баршасы үшін бір жақты кедендік баж салығын енгізуге жасалған талпыныстар барлық жер қойнауын пайдаланушылармен ауқымды қарама-қайшылыққа алып келуі мүмкін". "Бұның бізге қажетті жоқ", - деді С. Мыңбаев.

Оның пікірінше, экспорттық кедендік баж салығын тек қана келісім-шартында салықтың тұрақтылығы жөнінде кепілдік ескерілмеген жер қойнауын пайдаланушылар үшін ғана енгізу, ал басқалары үшін жеке келіссөздер жүргізу қажет.

Энергетика министрінің мәліметінше, экспорттық кедендік баж салығы енгізілуі мүмкін жер қойнауын пайдаланушылар үшін мұнай өндіру көлемі жылына 27 млн тоннаны құрайды. "2009 жылдың 1 қаңтарына дейін бізге келіссөздер жүргізу және экспорттық кедендік баж салығын енгізу мүмкін емес келісім-шарттарының тізімін түпкілікті айқындау қажет", - деді ол.

Экспорттық кедендік баж салығын енгізумен біруақытта министр пайдалы қазбалар өндіру салығы мен ренттік салықты алып атстау мүмкіндігін қарауды ұсынады. Энергетика министрлігінің есептеуінше, мұнай бағасының бір баррелі $60 болған жағдайда экспорттық кедендік баж салығы тоннасы $3,4 , ал мұнай бағасы бір барреліне $88 болған жағдайда - тоннасына $173,8 болмақ.

Ал сонымен бірге С. Мыңбаевтың мәліметінше, бір тоннасына $173,8 экспорттық кедендік баж салығын енгізу жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық бағдарламаларын 2,5 - 3 есе азайтуға алып келмек, сонымен бірге ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздеріне кедергі келтіруі мүмкін.

29 қаңтарда өткен үкіметтің отырысында энергетика министрінің мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсынысы тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны