09.08.2018, 19:18 4173

ҚР Энергетика министрлігінде АШТӨ үшін дизель отынына ауыл шаруашылығы үшін арзандатылған бағаларды заӊды түрде бекітетін құзыреттілік жоқ

Кестеге сәйкес АШТӨ қажеттілігі толық көлемде бекітіліп, 769,4 мыӊ тонанны құрады. Ағымдағы жылдыӊ шілде айындағы жеткізу жоспармен 112,2 мыӊ тонна көлемінде, жөнелтілім - 90,2 мыӊ тоннаны немесе 80,4% -ды құрады.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрлігінде АШТӨ үшін дизель отынына ауыл шаруашылығы үшін арзандатылған бағаларды заӊды түрде бекітетін құзыреттілік жоқ. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеме жасады.

Бүгінгі күні автожанармай құю станцияларында дизель отыныныӊ құны өсті, ол бірнеше факторларға байланысты болып отыр.

Дизель отынын тұтыну көлемініӊ өсу себебі өндірілген дизель отыныныӊ басым бөлігініӊ ауыл шаруашылығы және темір жол салаларын қамтамасыз етуге жұмсалатыны негізгі фактор болып табылады.

Бұдан басқа, сұраныстыӊ артуы Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалыныӊ маусымдық өсуімен және де осы жағдаймен байланысты ішкі нарықтағы және көрші елдердіӊ шекаралас аймақтардағы бағаныӊ диспаритетіне байланысты отынныӊ шекара асып кетуі болып табылды.

"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ кейбір шешімдерініӊ күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына сәйкес дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 1 литр үшін 7,7 теӊгеге көтерілді.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету жөнінде: 2018 жылдыӊ көктемгі егіс жұмыстарыныӊ тұрақты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен түрде "Көктемгі егіс жұмыстарына дизельдік отынды жеткізу бойынша Мұнай өӊдеу зауыттарына (МӨЗ) облыстарды бекітіп беру кестесі" әзірленді және бекітілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (АШТӨ) қажетті мұнай өнімдерініӊ көлемін анықтап, ҚР Энергетика министрлігіне егіс және егісті жинау жұмыстарын жүргізуге арналған АШТӨ үшін дизельдік отынды жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізеді.

Кестеге сәйкес АШТӨ қажеттілігі толық көлемде бекітіліп, 769,4 мыӊ тонанны құрады.

Ағымдағы жылдыӊ шілде айындағы жеткізу жоспармен 112,2 мыӊ тонна көлемінде, жөнелтілім - 90,2 мыӊ тоннаны немесе 80,4% -ды құрады. Жөнелту ақы төленген көлемге сәйкес тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Мұнай өнімдерініӊ қорлары

Осы жылдыӊ 6 тамызындағы дизель отыныныӊ жиынтық қоры 255,8 мыӊ тонна, оныӊ ішінде республиканыӊ мұнай қоймаларындағы қор 193,1 мыӊ тоннаны құрайды. Сонымен қатар, Аи-92 бензинініӊ қоры 347,9 мыӊ тонна, оныӊ ішінде республиканыӊ мұнай қоймаларындағы қор 299,7 мыӊ тоннаны құрайды.

Ресей және Қазақстан шекарасында импортталған дизель отынына баға (жеткізу және сақтауды қоспағанда) 238 461 теӊгені құрайды, бұл АШТӨ үшін баға деӊгейінен 58 461 теӊгеге және ішкі нарықтағы бағадан 28 364 теӊгеге қымбат. (Аргус, Каспий нарығы көрсеткіші).

АШТӨ үшін дизель отыныныӊ құны

Жоғарыда берілген сандық көрсеткіштерге сәйкес мұнай өнімдері ресурсын ұстаушылардыӊ АШТӨ ұсынылатын айтарлықтай жеӊілдікті байқауға болады.

Осы орайда, ҚР Энергетика министрлігінде АШТӨ үшін дизель отынына ауыл шаруашылығы үшін арзандатылған бағаларды заӊды түрде бекітетін құзыреттілік жоқ екенін атап өту маӊызды. Ауыл шаруашылығына қажет дизель отыныныӊ арзандатылған құны нарықтағы ойыншылармен келісу арқылы ресурс иелерініӊ өз еріктерімен бекітіледі.

АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын жөнелтуге басымдық заӊ деӊгейінде берілді, бақылау мен мониторинг жүргізу тәулік бойы жүзеге асырылады.

Жоғарыда баяндалғанныӊ негізінде Энергетика министрлігімен 2018 жылғы егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін жан-жақты шаралар қолданылып жатқандығын хабарлаймыз.

Жанар-жағармай бағаларына қатысты, Global Petroleum Prices Халықаралық агенттігініӊ мәліметіне сәйкес (30.07.2018ж. жағдай) Қазақстан бензині арзан елдердіӊ ішінде 10-шы орында, ал дизель отыны бойынша - 167 елдіӊ ішінде 13 орында тұр.

Еӊ қымбат бензин Сауд Арабиясы, Араб Имірліктері, АҚШ, Ресей, Изірбайжан елдерінде.

Тек қана 9 елде бензин арзан, олар (Венесуэла, Иран, Кувейт, Туркменистан) дизель отыны 12 елде арзан (Венесуэла, Иран, Саудавская Аравия, Азербайджан, Туркменистан). Рейтинг ай сайын құралады. Мәліметтер ашық түрде таратылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны