02.09.2016, 14:48 3670

ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстанныӊ газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ отырысы болып өтті

ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстанныӊ газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ отырысы болып өтті, деп хабарлады ведомство

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстанныӊ газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ отырысы болып өтті, деп хабарлады ведомство.

"Жиналыста газ саласындағы барлық маӊызды мәселелер және жекелеген мәселелер бойынша тиісінше нақты шешімдер қабылданды.Тауарлық газға баға белгілеу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізілетін болады", - делінген хабарламада.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ табиғи газды сату бағасын доллар валютасынан ұлттық валютаға ауыстыру жөнінде "Теӊізшевройл" ЖШС-мен келіссөздерді жалғастырады.

"Сарыарқа" газ құбыры магистралін салу жобасыныӊ (Астананы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральді газ құбырынан: "Қараөзек" (Қызылорда) компрессорлық станциясы-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана маршруты бойынша) техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу (мемлекеттік талдаумен қоса алғанда) жұмыстары қайта басталады.

"ҚазТрансГаз" АҚ және "General Electric" компанияларына облыс Икімдіктерімен бірлесіп елді мекендерді газдандыру үшін ілеспелі табиғи газдыӊ жаӊа технологиясын пайдалану мүмкіндіктерімен кешенді жоспарын әзірлеуді бастайды.

Сонымен қатар Облыс және Алматы қаласыныӊ Икімдіктері және "ҚазТрансГаз" АҚ 2040 жылға дейін газды пайдаланудыӊ нақтыланған болжамын құрады. Ал ҚР мұнай өндіруші компаниялары 2040 жылға дейін бөліп көрсетілген Газдыӊ болжалды теӊгерімін есептеп жатыр.

Мұнай өндіруші компаниялардыӊ және жергілікті атқарушы органдардыӊ табиғи газды пайдалану жөніндегі деректері негізінде Энергетика министрлігі 2040 жылға дейінгі Газдыӊ ұзақ мерзімді болжалды теӊгерімін әзірлейді.

"ҚазТрансГаз" АҚ Қарағанды облысыныӊ Икімдігімен бірлесіп Қарағанды көмір алабыныӊ көмір қабаттарыныӊ метанын өндіру жобасын іске асыруды жалғастырады.

ҚР Энергетика министрлігіне "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ бірлесіп ҚХР Ресей газын тасымалдау және Қытай Халық Республикасына Қазақстан газын шығару мәселелерін пысықтау жұмыстарын жалғастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны