17.10.2006, 12:47 3826

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі мен Үндістанның мұнай және табиғи газ министрі экономика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. Дели қаласында Қазақстан-Үндістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы болып өтті. Шара барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Б.Ізмұхамбетов пен Үндістанның мұнай және табиғи газ министрі М.Деора сауда, экономика, энергетика, ақпараттық технология, ғылым және технологиялар секілді перспективалық салаларда ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан жағы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесінде Үндістанның қолдауынан және тиісті Хаттамаға қол қоюға ерекше мүдделі екендігін білдірді.

Үндістанда болған кезде Б.Ізмұхамбетов Үндістан қорғаныс министрі Пранаб Мукерджимен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Сапардың соңғы күні министр Үндістанда жарнама продукцияларына арналған жабдықтарды шығаратын "G.V.Display Solutions Pvt. Ltd." Қазақстан-үнді бірлескен кәсіпорнының салтанатты ашылу рәсіміне атсалысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны