12.05.2009, 14:05 1673

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі 2020 жылдан бастап ішкі нарықта газдың еуропалық бағасына көшуді ұсынады (толықтырылған)

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі 2020 жылдан бастап ішкі нарықта газдың еуропалық бағасына көшуді ұсынады (толықтырылған)

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі 2020 жылдан бастап ішкі нарықта газдың еуропалық бағасына көшуді ұсынады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз 2015 жылға дейін ішкі нарықтағы газ бағасын кезең-кезеңмен еуропалық баға деңгейіне дейін көтеруді, одан транспорттық шығындарды, шамамен 25%-ын алып тастауды ұсынамыз", - деді С. Мыңбаев.

"Бірақ 2020 жылдан бастап еуропалық бағадан транспорттық шығындарды алып тастайтын деңгейге жеткізу қажет", - деді министр.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, "инвесторларға газ өндірілетін жаңа кеніштерді берген кезде 2015 жылдан кейін келісім-шарттарында бұл газды ішкі нарықта сату жөніндегі міндеттемелерді қарастыру ұсынылуда".

"Бұл сатылымдар белгілі бір баға формуласына сәйкес іске асырылады", - деді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны