Система Orphus

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі АИ-80 жанармайы мен дизельдік отынның бағасын мемлекеттік реттеу мәселесін қарастыруда

07.12.2009, 16:38 2793

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі АИ-80 жанармайы мен дизельдік отынның бағасын мемлекеттік реттеу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"14 желтоқсанда біз әкімдердің орынбасарлары мен жер қойнауын пайдаланушылар деңгейінде кезекті кездесуді жоспарлап отырмыз. Жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде біріншіден, қаңтар айына желтоқсан айындағыдай жасау ұсынылады; және екінші мәселе ретінде бағаны реттеу жайы қаралады", - деді С. Мыңбаев.

"Сондай-ақ, АИ-80 жанармайы мен дизельдік отынның бағасын мемлекеттік реттеу мәселесін енгізу қажет пе, жоқ па деген мәселе қаралады. Дизель бойынша оны жасау дұрыс, бірақ, бағаны ақпаннан маусымға дейін маусым бойына толық белгілемеу керек", - деді министр.

Сондай-ақ, аталған реттеу шараларын АИ-80 жанармайына қатысты да енгізу қажет, деді С. Мыңбаев.

"Ал автокөліктің жоғарыоктанды жанармайына келсек, біздің ұстаным - оны мүлдем реттемеуге саяды", - деді министр.

"Бүгінгі жағдаймен АИ-92/93 жанармайының бағасы не себепті өзгеруге тиіс екенінің айқын себептерін көре алмай отырмын. Бірақ бұл жерде расын айтқанда бір фактор бар: "ҚазМұнайГаз" сауда үйі ұзақ уақыт бойы шығынға ұшырай отырып оны жеткізе алмайды және Ресейдегі баға ұзақ уақыт бойы 116 теңге, ал Қазақстанда 82 бола алмайды. Икімшілік шешімдердің де нарықтық негізі болуға тиіс. Базалық баға деңгейі нарықтық ахуалды айқын көрсетуге тиіс. 82 теңгені біз осы нарықтық ахуалдың ең шегі деп санаймыз", - деді министр журналистерге берген сұхбатында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жоғарыоктанды АИ-92/93 жанармайының бағасы Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап 82 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны