11.12.2007, 18:25 3535

ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қуат көздерін сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарласыманың тұжырымдамасын дайындады

ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қуат көздерін сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын дайындады

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қуат көздерін сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын дайындады. Бұл жөнінде парламент мәжілісінде электр қуаты саласындағы мәселелерге арналған "дөңгелек үстел" барысында, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді.

"Премьер-министрдің тапсырмасымен қуат көздерін сақтау мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылып, олардың ұсыныстары ескеріле отырып, біз қуат көздерін сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын дайындадық ", - деді Д. Тұрғанов.

Бағдарлама тұжырымдамасы екі кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезеңі "2008-2009 жылдарды қамтып, қуат көздерін сақтау жұмыстарына қатысты нормативтік -құқықтық негізін анықтаудың қысқа мерзімді шаралары қарастырылған, сондай-ақ, оларды дайындау мерзімдері белгіленіп, министрліктер мен ведомстволардың жауапты орындаушылары анықталады".

"екінші кезеңде, 2010-2015 жылдары қуат көздерін сақтаудың іс жүзіндегі кешенді шараларын қарастыру жоспарланған", - деді Д. Тұрғанов.

Бұл бағдарламаны дайындау барысында, "тұрғын-коммуналдық шаруашылық және экономика салаларының отын-энергетикасын тұтынуы алдын -ала зерттеліп, халықаралық тәжірибемен танысу керек".

Вице-министр атап өткеніндей, 2008 жылы "Қуат көздерін сақтау туралы" заң жобасы дайындалып, 2009 жылы жаңа редакциядағы заңның қабылдануы жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны