12.12.2007, 19:17 3423

ҚР -ЕО арасындағы екі жақты сауда көлемі 2007 жылдың 8 айында $18,1 млрд құрады-ЭБЖМ

ҚР -ЕО арасындағы екі жақты сауда көлемі 2007 жылдың 8 айында $18,1 млрд құрады-ЭБЖМ

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың ең ірі сауда және инвестициялық серігі болғандықтан, 2007 жылдың 8 айында екі жақты сауда көлемі $18,1 млрд жетті, деп баяндады ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауап хатшысы Динара Шаженова, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Д. Шаженованың мәліметтері бойынша, 2006 жылы сауда көлемі $22,8 млрд жетті (экспорт - $16,5 млрд, импорт - $6,3 млрд). "Еуроодақ елдерінің үлесі Қазақстанның сыртқы саудасының ортақ көлемінің 36,8% құрады", - деді жауапты хатшы.

"2007 жылдың 8 айында екі жақты сауда көлемі $18,1 млрд (экспорт - $11,8 млрд, импорт - $6,3 млрд) құрады. Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көлемінің 34% Еуроодақ елдерінің үлесінде ", - деді ол.

Қазақстан экспортының құрылымда ЕО көбінесе мұнай, мұнай өнімдерін, бағалы емес металдар, ауыл шаруашылық өнімдер, химиялық және минералды өнімдер,тоқыма бұйымдары бар.

Импорт құрылымына кіретін тауарлар "инвестициялық импорт" деп аталады (машина, құрал -жабдықтар, механизмдер, техникалық құралдар, көлік, химиялық саласының өнімдері).

ЕО елдері қарым- қатынас жасаған жылдары ішінде Қазақстан экономикасына $35 млрд инвестиция құйған. ЕО инвестиция үлесі - жұмсалған жалпы шетелдік қаржы($67,7) көлемінің жартысынан көбісін құрайды (53%). Негізгі инвестордар қатарына Нидерланды ($21,2 млрд) Ұлыбритания ($6,9 млрд), Франция ($3 млрд), Германия ($1,72 млрд), Италия ($0,9 млрд) кіреді.

Д. Шаженова айтқанындай, "Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қарым -қатынастар негізінен мұнай-газ секторындағы мүддемен анықталады.. Сондай-ақ, Орталық - азия аймағындағы көлік-коммуникация стратегиясының маңыздылығымен байланысты", - отметила Д. Шаженова.

"Қазақстанның ЕО арасындағы қарым- қатынастарының маңыздылығы мемлекетаралық ИНОГЕЙТ жобасына байланысты. (қолданыстағы шикізат тасымалының жүйесін диверсификациялау). Ол бойынша, республиканың экспорттық мүмкіндіктері жақсартылып, қазақ өнімін еуропа және әлемдің нарыққа сату мүмкіндігінің кеңейтілуі қарастырылуда ", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны