14.02.2013, 13:11 4930

ҚР халық саны 236 мың адамға артты

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарына мәліметтер бойынша халық саны 236 мың адамға артып, 16 911,9 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР халық саны 236 мың адамға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарына мәліметтер бойынша халық саны 236 мың адамға артып, 16 911,9 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

"2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны 16 911,9 мың адамды құрады, және алдыңғы жылдың басымен салыстырғанда 236 мың адамға немесе 1,4%-ға артты", - деді И.Смайылов.

Сонымен қатар, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 238 мың адамды құраған халық саны табиғи өсім есебінен артқаны атап өтілді.

Оған қоса, республикадағы демографиялық жағдай туралы айтқанда Илихан Смайылов 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында АЖАТ органдарымен туылғандар саны 2011 жылға қарағанда 1,9%-ға артық тіркелгенін, олардың саны 379 мыңды құрағанын хабарлады.

Ал, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР-да қайтыс болғандар санына келсек, ол 141,2 мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан көрсеткіштеріне қарағанда 2,4 %-ға кем.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны