15.04.2013, 12:03 12776

ҚР халқының саны 42 мың адамға өсті

Бұл туралы Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысына арналған Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ел халқының саны 42 мың адамға артып, 16 953 900 адамды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысына арналған Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

"2013 жылдың 1 наурызындағы жағдайы бойынша ел халқының саны 16 953 900 адамды құрады, өткен жылдың басымен салыстырғанда 42 мың адамға немесе 0,4%-ға артты", - деді И.Смайылов.

Сонымен қатар, атап өтілгендей, халық санының артуына табиғи өсу себеп болған, ол 2013 жылдың қаңтар-ақпанында 41,4 мың адамды құрады.

Республикадағы демографиялық жағдайға байланысты Илихан Смайлов 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында АХАТ органдары 2012 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артық жаңа туған нәрестені тіркегенін, олардың саны 66,4 мыңды құрағанын айтты.

Өз алдына, 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында ҚР-да қайтыс болғандардың саны 25,6 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы кезеңдегі көрсеткіштен 2,3 %-ға аз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны