20.09.2007, 18:47 2980

ҚР Индустия және сауда министрі Мохаммед аль-Файедпен кездесті

ҚР Индустия және сауда министрі Мохаммед аль-Файедпен кездесті.

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустия және сауда министрі Ғалым Оразбақов бүгін әлемдік деңгейдегі кәсіпкер, Ұлыбританиядағы "Harrods" дүкендерінің қожайыны Мохаммед аль-Файедпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Кездесуде тұрғын үй құрылысы, логистика, алюминий өнеркәсібі және пайдалы қазбалар өндіру саласындағы ірі инвестициялық және басымдық берілген жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды", -делінген хабарламада.

Мейман Қазақстанда ұлттық логистикалық саябақ құру жөніндегі жобаға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Ғалым Оразбақов дәл осындай логистикалық саябақтың "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының аясында Қытаймен арадағы шекарада салынатынын атап өтті.

"Мохаммед аль-Файед пен Ғалым Оразбақов Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысудың орындылығын анықтау үшін "Harrods" компаниясы экономиканың қызғылықты салаларында зерттеулер жүргізеді деп келісті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны