08.04.2008, 15:17 3448

ҚР Индустрия және сауда министрі бір реттік базар талондарының құнына міндетті зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдерді енгізуді ұсынуда

"Сауда орындарында өздерінің кәсіпкерлік қызметін атқаратындардың басым бөлігі базар әкімшілігімен берілетін бір реттік талондар мен патент негізінде жұмыс істейтіні белгілі. Ал оларды салықшылар береді. Сондықтан бюджетке қосымша қаржының түсіп отыруын қамтамасыз ету үшін ....

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бір реттік базар талондарының құнына міндетті зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдерді енгізуді ұсынуда. Бұл туралы ол бүгін өткен үкімет отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сауда орындарында өздерінің кәсіпкерлік қызметін атқаратындардың басым бөлігі базар әкімшілігімен берілетін бір реттік талондар мен патент негізінде жұмыс істейтіні белгілі. Ал оларды салықшылар береді. Сондықтан бюджетке қосымша қаржының түсіп отыруын қамтамасыз ету үшін және сауда базарларында жұмыс істейтіндердің құқықтарын кепілдендіру мақсатында бір реттік талондар мен патенттер құнына міндетті зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдерді енгізу жөнінде мәселесін қарастыруға болар еді ", - деп есептейді В.Школьник.

"Ирине, бұл сауда орындарының жалға алу құнының өсуіне келіп соқтырады, бірақ бұл төлемдердің мөлшері аз болатын болса, онда біз әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, сауда базарларында жұмыс істейтіндердің есебін жүргізетін боламыз", -деп толықтырды ойын ол.

ИСМ ресми мәліметтері бойынша, 1 млн немесе елде еңбекке жарамды тұрғындардың 15 пайызы сауда саласында жұмыс істеуде. Көрсетілген адамдар қатарының 75% зейнеткерлікке жақындап қалған ер адамдар мен әйелдер құрайды. "Ал халықаралық сарапшылардың деректері бойынша сауда саласында жұмыс істейтіндердің саны ресми мәліметтерден екі есе жоғары және еңбекке жарамды адамдар 27% құрайды", - деп атап өтті министр.

"Осыған орай біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне от басы және гендерлік саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесе отырып, сауда саласында жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету мәселесін қарастыруы тиіс. Өйткені, бұл салада еңбек етіп жүргендер қатары артық және әлеуметтік жағынан қорғалмаған ", - деп есептейді В.Школьник.

Сонымен қатар, министр Қазақстанның "Атамекен" Ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстанның кәсіподақ және одақ конфедерациясымен сауда базарларында жұмысшылардың кәсіподақ қозғалысын құру туралы келіссөздер жүргізетінін алға тарты. Министрдің пікірінше, бұл "базарларда жасырын жұмыстарды анықтап заңдастыруға, ондағы криминалдық және сыбайлас жемқорлық нышандарды жоюға ынталандырады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны