08.04.2008, 16:06 3360

ҚР Индустрия және сауда министрі еліміздің сауда базарларында қолма қол ақшасыз есеп айырысу айналымын дамытуды ынталандыруды ұсынып отыр

ҚР Индустрия және сауда министрі еліміздің сауда базарларында қолма қол ақшасыз есеп айырысу айналымын дамытуды ынталандыруды ұсынып отыр

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник еліміздің сауда базарларында қолма қол ақшасыз есеп айырысу айналымын дамытуды ынталандыруды ұсынып отыр. Бұл туралы ол бүгін өткен үкімет отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ішкі саудада негізінен сауда базарларында көлеңкелі айналым көлемі шоғырланған. Онда кәсіпкерлер мен базар әкімшілігі тарапынан көлеңкелі салық салу, жоғары көлемде контрабандалық заңсыз тауарлар, сапаға қатысты астыртын жасалатын сертификаттар кеңінен пайдаланылады , сондай-ақ тексеру органдары тарапынан заңсыз алынатын төлемдер жиі кездеседі ", -деп есептейді В. Школьник.

"Салықтар пен әлеуметтік төлемдерден жалтару үшін, сауда базарларындағы экономикалық қызметі жөніндегі нақты деректер статистикалық есеп қисаптарында төмендетіліп отырады", -дейді ол .

"Бұның қаншалықты күрделі екендігін түсіне отырып біз сауда базарларында қолма қол ақшасыз есеп айырысу айналымын дамытуды ынталандырудың кешенді шараларын дайындау қажет дер едік ", - деп толықтырды ойын министр.

В. Школьниктік пікірі бойынша, дайындалып жатқан жаңа Салық кодексінде "сауда базарлары мен сауда үйлерінен алынатын салық салуды теңестіру" қажет. Ал базар әкімшілігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, АҚ немесе ЖШС ретінде тіркелуі тиіс және бүгінгі күні жеңілдетілген салық салу схемасын пайдаланбауы тиіс", - деді В . Школьник.

"Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ақша ағымының ашықтығын қамтамасыз ету үшін, сауда базарлары салықшыларға жалға берілетін ставкалары мен тиісті коэффициенттері көрсетілген жоспарларын көрсетулері тиіс. Есептелген коэффициент бойынша салық төленбейтін болса, онда базар шығынды деп есептеліп жабылады ", -дейді министр.

В. Школьник еске салғанындай, қала әкімдігі 2005 жылы қоғамға қала базарларында миниторинг жүргізуді тапсырған болатын. Оның қорытындысы бойынша, әкімшілік қызметкерлері қатарына кіретін жүк таситындар, күзетшілерді санамағанда саудагерлердің саны 200 мың адамға жеткен. Ал ресми түрде олардың қатары 150 мың адамды құраған.

"Қала әкімдігінің ақпараты бойынша 2005 жылы Алматының 75 базары қазынаға 980 млн теңге құйды, ал есеп -қисап бойынша бұл базарлар толық пайдаланылған кезде қаржы көлемі 25 млрд теңгені құрауы тиіс", - деп мәселенің бетін ашты ИСМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны