04.03.2008, 16:44 3130

ҚР Индустрия және сауда министрі "Лицензия беру туралы" заңды оңайлату қажет деп санайды

ҚР Индустрия және сауда министрі "Лицензия беру туралы" заңды оңайлату қажет деп санайды

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник "Лицензия беру туралы" заңды оңайлату қажет деп санайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Лицензия беру туралы" заңды мейлінше оңайлату қажет, біз оның соңғы редакциясын күрделілендіріп жібердік, үкіметтің 2008 жылдың 31 қаңтарындағы №80 қаулысы шыққан соң туынды металлургияның қалдықтар жинау саласындағы ахуалды мүлдем қиындап кетті, бұл - күрделілендірудің кесірі", - деді В. Школьник.

Оның айтуынша, бұл қаулы 2007 жылдың қаңтарында күшіне енген "Лицензия беру туралы" жаңа заңға сәйкес шығарылған. Қара металл қалдықтарын жинауға бұған деййін берілген лицензиялар өз күшінде деп танылады, бірақ, олар тек "облыс орталықтарында ғана орналасқан металл сынықтарын жинайтын негізгі орындарға ғана таралады". "Алайда, осы орталықтардың металл дайындау пункттері әрбір ауылда бар, ал қазір біз қаулыда олардың бәрі де лицензия алуға тиіс , немесе жабылуға тиіс деп отырмыз", - деді министр.

В. Школьниктің айтуынша, үкіметтің № 80 қаулысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сараптамадан өтіп, барлық мемлекеттік органдармен және елімізде аккредитацияланған 23 жеке кәсіпкерлік қауымдастықтарымен келісілген. "Өз формасы тұрғысынан ол "Лицензия беру туралы" заңға да толық сәйкес келеді", -деді ол.

"Бір ғажап жері, біз бір жағынан басқа кәсіпкерлер үшін де рынокты еркіндікке жіберіп, лицензия алу құнын 80-60 мың АЕК-ке дейін төмендетсек, екінші жағынан - мыңдаған адамдар үшін жұмыстарын күрделілендіріп, қалыпты ырғақтан айырдық", -деді министр.

"Бұл қаулының жобасын әзірлеп жатқан кезде біз әкімдіктер мен қауымдастықтардың ұсыныстарын тыңдадық, олар түсті металл дайындаумен шұғылданады, бірақ біз бәрін де заңды істесек те, қара металл қалдықтарын жинау, сақтау, өңдеу және сатумен айналысатын адамдардың пікіріне құлақ аспадық", -деді В. Школьник.

В.Школьник қазіргі бар нормативтік базаның бизнеске салатын салмағы тұрғысынан екі айдың ішінде қайта қарауды тапсырған президенттің тапсырмасын еске салды. "Осыған байланысты "Лицензия беру туралы" заңды қайта қарап, артық тұстарын алып тастауды ұсынамын", - деді В. Школьник.

Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов индустрия министрлігіне №80 қаулыны бір айда пысықтауды тапсырды. "Кеше шағын және орта бизнес өкілдерімен, соның ішінде "Туынды металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы" қауымдастығының өкілдерімен пайдалы кездесулер болып өтті. Олар осы қаулыға қатысты мәселені көтерді, бізге көп нәрсені өзгертуге тура келмек", -деді үкімет басшысы.

Одақтың мәліметінше, елімізде жылына 4 - 5 млн тонна қара металл қалдықтары жиналады, ал өзіне 25 кәсіпорынды қамтитын одақтың өзі осы көлемнің 50% жинайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны