02.07.2007, 13:40 2669

ҚР Индустрия және сауда министрі сапаны басқару жүйесінің халықаралық сертификатына ие болған кәсіпорындар санын арттыру қажет деп санайды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. ҚР Индустрия және сауда министрлігі сапаны басқару жүйесінің халықаралық сертификатына ие болған кәсіпорындар санын арттыру қажет деп санайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында ҚР Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
"Ағымдағы жылдың 1-маусымындағы жағдаймен республикада 874 кәсіпорын менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізіп, сертификат алды. Тағы 297 кәсіпорын енгізу сатысында", - деді Ғ. Оразбақов.

"Бұл іспен үш жылдан бері белсенді айналысып жатқанымызға қарағанда және елімізде қазіргі бар кәсңпорындардың санына шаққанда бұл өте мардымсыз көрсеткіш", - деді ол.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, басқарудың халықаралық стандарттарын енгізген кәсіпорындар санымен Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары алда келеді. "Ал Ақмола , Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында халықаралық стандарттарға көшкен кәсіпорындардың саны тым аз ", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны