23.01.2008, 18:44 3044

ҚР Индустрия және сауда министрі сирек кездесетін металл өндірісін дамыту саласындағы ұлттық операторды құруды ұсынады

ҚР Индустрия және сауда министрі сирек кездесетін металл өндірісін дамыту саласындағы ұлттық операторды құруды ұсынады

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов сирек кездесетін металл өндірісін дамыту саласындағы ұлттық операторды құруды ұсынады. Осы жөніндегі ұсынысты ол бүгін өзі басқаратын министрліктің алқа мәжілісінде ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сирек кездесетін металдарды пайдалану саласында тиімді серпінділікті жүзеге асыра алатын ұлттық оператор құру қажет деп санаймын", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның пікірінше, сирек кездесетін металл өндірісін дамыту еліміздегі озық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібіндегі ең бір қызғылықты бағыттардың біріне жатады. "Қазақстан мұнайхимиясы, авиация және ғарыш салаларында айрықша қоспалар өндірісінде пайдаланылатын сирек кездесетін рений, ниобий және басқа да металл түрлерінің бірегей қорына ие", - деді министр. Оның атап көрсетуінше, қазіргі жағдаймен еліміз нарыққа рений шикізатын шығаратын әлемдегі екінші орындағы сатушы болып табылады.

"Сирек металдар жоғары технологиялық дайын өнімдер өндірісінің негізіне айнала алады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін біз сирек металдар өндіру, олардың айналымы мен сақталуын реттеуге, шикізат базасы мен өңдеу өндірістерін дамытуға, жаңа қоспаларды құруға бағытталған қолданбалы зерттеулер жүргізуге шаралар қолданылады", - деді Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны