23.01.2008, 17:39 2761

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2010 жылға дейін 10 мың жүк вагонын шығаратын салалық бағдарламасын қолға алды

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2010 жылға дейін 10 мың жүк вагонын шығаратын салалық бағдарламасын қолға алды

Астана. 23 қаңтар."Қазақстан Бүгін" - ҚР индустрия және сауда министрлігі 2010 жылға дейін 10 мың жүк вагонын шығаратын салалық бағдарламасын қолға алды. Бұл туралы бүгін ҚР индустрия және сауда министрлігінің коллегиясы барысында министрліктің басшысы Ғалым Оразбақов құлағдар етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір біз Қазақстанда жыл сайын жүк вагондарының санын ұлғайтып, нарықты қамтамасыз етуге бағытталған салалық бағдарламаны дайындап жатырмыз, 2010 жылға дейін 10 мың жүк вагоны шығарылады", - деді Ғ. Оразбақов.

"Аталған бағдарлама үкімет тарапынан қолдау тапты ", - деп атап өтті ол.

"Қазақстанда жүк вагондары құрылысын ұйымдастырудың үлкен тиімділігі бар екені сөзсіз. Бүгінгі кезде Қазақстан мен ТМД елдері темір жол тасымалындағы құралдардың тапшылығын бастан кешіп отырғандықтан, ол біздің экономикамыздың дамуын тежеп отыр", - деп түсіндірді ИСМ басшысы. Оның мәліметтері бойынша, 2015 жылға қарай Қазақстан мен ТМД елдерінің жүк құралдарына деген сұранысы 350 мың вагоннан асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны