29.09.2009, 14:49 2926

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2012 жылға дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 1 трлн астам теңгеге ұлғайтуды жоспарлауда (толықтырылған)

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2012 жылға дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 1 трлн астам теңгеге ұлғайтуды жоспарлауда (толықтырылған)

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2012 жылға дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 1 трлн астам теңгеге ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін өткен үкіметтің отырысында "Орта мерзімдік кезеңге арналған Қазақстандық өнім үлесінің тұжырымдамасы" мен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстандық өнім үлесін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын үкіметтің мүшелеріне таныстырған Исет Исекешевтің хабарлауынша, "бес жылдық тұжырымдаманы жүзеге асыру қорытындысы бойынша 2014 жылға дейін Қазақстандық үлесті жұмыстар мен қызметтер бойынша 90%-ға дейін, тауарлар бойынша - 50% дейін жеткізу көзделуде". "Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2012 жылға дейін 37%-ға, немесе 1 трлн 400 млрд теңгеге дейін өседі", - деді ол.

"Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің санын 20 мың адамға ұлғайту көзделуде", - деді министр.

Үкіметтің мүшелері өздеріне таныстырылған құжаттарды мақұлдады.

Министрдің айтуынша, үкімет мүшелері бекіткен тұжырымдама Қазақстандық өнім өндірушіге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығындағы сұранысты жоспарлау жайлы бір көзден ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, "жеңілдетілген несиелер, лизингтік операциялар бойынша инновациялық технологиялар мен негізгі қорды сатып алуға преференциялар беруге, тауарлар, қызметтер мен жұмыстар сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге, тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға, мамандар дайындау бойынша мемлекеттік қолдау көрсетуге септігін тигізеді", - деді ол.

Заң жобасының бір басты жаңалығы - "жер қойнауын пайдаланушыларды тек Қазақстан аумағынан ғана тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға міндеттеу ниеті болмақ", - деді И. Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны