30.10.2009, 14:26 3236

ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан халқының сатып алу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаулы

ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан халқының сатып алу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаулы

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан халқының сатып алу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаулы. Бұл туралы бүгін ҚР ИСМ сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымы 1,6 трлн теңге болды, бұл көлем өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,8%-ға қысқарып отыр. Бұл бізді аса алаңдатып отыр, сатып алу қабілеті біршама төмендеп, сауда кәсіпорындарының белсенділігі төмендеді", - деді А. Қазыбаев.

Оның айтуынша, "бөлшек тауар айналымы біршама төмендеп кеткен қалаларға мыналар жатады: Астана - 26% және Алматы - 21%".

Дегенмен, комитет төрағасының ақпаратына сәйкес, "қыркүйек айында бөлшек тауар айналымы тамызбен салыстырғанда 4%-ға өсті. Жалпы алғанда, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің болжамына сәйкес, "IV тоқсан бұдан біршама жоғары қарқында болмақ".

Сондай-ақ, А. Қазыбаевтың хабарлауынша, "9 айда көтерме тауар айналымы 4 трлн теңгені құрап, 7,8%-ға төмендеді, көтерме тауар айналымы аса құлдырай қойған жоқ, бірақ бөлшек сауда саласының белгілі дәрежедегі енжарлығы байқалады, сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты тауардың жатып қалу оқиғалары бар".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны