Система Orphus

ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның ипотекалық компаниясы мемлекеттік бағдарлама бойынша таратылған несиелерді сатып алуы қажет деп санайды

18.09.2007, 14:49 148

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов Қазақстанның ипотекалық компаниясы мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарлама бойынша таратылған ипотекалық несиелерді сатып алуы қажет деп санайды.

"Қазақстанның ипотекалық компаниясына мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарлама бойынша таратылған ипотекалық несиелерді тез арада сатып алуды тапсыру қажет", - деді Ғ. Оразбақов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Оның бағалауынша, "бұл шамамен 11 млрд жуық теңге". "Қалған қаржыны Қазақстанның ипотекалық компаниясына қатысты қолдануға болатын шарттар бойынша мұқият сұрыптай отырып, белгіленген лимиттен жоғары ипотекалық міндеттемелерді сатып алуға тарту қажет", - деді министр. Ол осымен біруақытта Қазақстанның ипотекалық компаниясының облигацияларын шығару есебінен капиталының көлемін ұлғайту қажет деп қоса кетті. "Бұл ағымдағы жылдың аяғына дейін банк саласына 90 млн долларға жуық қаржы тартуға мүмкіндік береді. Бұл қаржының кем дегенде 80% -ін банктер құрылыс ұйымдарын несиелендіруге және ипотекалық несиеге жұмсауы қажет", - деді ол.

"Сонымен бірге көлемі жағынан азайып қалған сыртқы несиенің орнына ішкі көздерден қаржы тартуға банктерге қолұшын беру керектігін түсінеміз", - деді Ғ. Оразбақов. Оның пікірінше, "егер Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қойылатын талапты біраз төмендетуге шешім қабылдаса, бұл 1 млрд долларға дейін қаржы табуға мүмкіндік береді". "Ондай жағдайда бұл қаржының 40%-тен кемес емес бөлігі , яғни, 400 млн долларға жуық қаржыны банктер құрылыс саласы мен ипотеканы несиелендіруге жұмсауға тиіс", - деп қосты министр.

Ғ. Оразбақовтың пайымдауынша, бұл аталған шаралар "банк саласына тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиеге жалпы алғанда шамамен $470 млн арнауға мүмкіндік береді, ал ол жылжымайтын мүлік нарығын ағымдағы жылдың аяғына дейін қолдауға жол ашады. Осы уақыт ішінде қаржылық нарықтағы ахуал тұрақтанып, қолдарында бос ақшасы бар тұрғындардың әліптің артын бағу пиғылының өзгеруі мүмкін, ал бұл өз кезегінде сатылатын баспананың санын арттыруға және компанияларлың пайдасын арттыруға, артылған пайданы құрылысты аяқтауға бағыттауға әсер етпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны