30.10.2009, 15:19 3343

ҚР Индустрия және сауда министрлігі күдікті таңбалануына байланысты "Шадринское" сүтін сараптамаға жолдады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі күдікті таңбалануына байланысты "Шадринское" сүтін сараптамаға жолдады

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Индустрия және сауда министрлігі күдікті таңбалануына байланысты "Шадринское" сүтін сараптамаға жолдады. Бұл туралы бүгін ҚР ИСМ сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кейінгі уақытта бізді Ресейде өндірілген және "Ресей Федерациясының аумағында сатуға арналмаған" деген жазуы бар импорттық тауарлардың пайда болуы алаңдатуда. Бұл - "Шадринское" сүтіне қатысты. Біз Ресейде өндірілген тауардың Қазақстанға осындай жазумен импорттталу себебіне байланысты зертханалық тексерулер жүргізіп жатырмыз", - деді А. Қазыбаев.

Оның айтуынша, сараптама қорытындысы бір айда белгілі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны